Текст
04.06.2026
«Тамшының шытырман оқиғалары» 15-сәуір күні мектеп кітапханасында педагогтер арасында «Тамшының шытырман оқиғасы» атты экоертегі байқауы ұйымдастырылды.Байқау барысында қатысушылар табиғатты қорғау тақырыбында шығармашылық ертегілер ұсынып,экологиялық ойларын білдірді. Іс- шараның мақсаты-экологиялық мәдениетті қалыптастыру және шығармашылық қабілетті дамыту. Ұйымдастырған:Ахметова А.А
04.06.2026
Бүгін 14.04.2026 жыл 1,2,3 "Б" сыныптың оқушыларымен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары бойынша жұмыстар жүргізілді, яғни тақырыптар бойынша түсіндірме әңгіме өткізілді. Тақырыптар: ашық ұңғымалар, ашық терезелерден сақталу, жол -көлік оқиғалары, өрттер, электр жарақаттары, қаңғыбас иттер, күн соққысы, тастанды және төтенше жағдайлар, кене шағуы, жұқпалы аурулар, судағы қауіпсіздік. Өткізген ДТІЖО: Кишкентаева Д.О.
04.06.2026
«Ұлттық музыка шежіресі-Ахмет Жұбанов» 13 – сәуір күні мектептің кітапханасында көрнекті қазақ ақыны, ғалымы, дирижері А.Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай «Ұлттық музыка шежірешісі – Ахмет Жұбанов» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ақынның өмірбаяны мен шығармашылығына қатысты кітаптар, фотосуреттер және ол туралы жазылған ғылыми еңбектер ұсынылды. Мақсаты: оқушыларды көрнекті тұлғаның өмірімен таныстыра отырып, ақынның өмірбаянын насихаттау, қазақ музыка өнерінің дәрежесін асқақтату және оқушылардың өнерге және кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру. Дайындаған: кітапханашы Ахметова А.А
04.06.2026
12 сәуір -Ғарышкерлер күні “Байқоңырдан басталған сапар” атты 1 -сыныпта сынып сағаты өтті. Мақсаты:Ғарыш туралы білімдерін кеңейту.Қазақ ғарышкерлері туралы мәлімет беру. Өткізген: Алтай Рита
04.06.2026
**Ата-аналарға арналған ашық есік күні**.
04.06.2026
Мектеп кітапханасында 1-сынып оқушыларына арналған “Балалар кітаптарының сиқырлы әлемі” атты кітап көрмесі мен экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында оқушылар кітапханамен танысып, әртүрлі ертегілер мен балаларға арналған қызықты кітаптарды көрді. Кітаптардың қалай орналасатынын, оларды қалай ұқыпты ұстау керектігін үйренді. Балаларға ертегілер оқылып, сұрақ-жауап жүргізілді. Оқушылар белсенді қатысып, кітапқа деген қызығушылықтарын көрсетті. Мақсаты: Оқушыларды кітапхана әлемімен таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапты күтіп ұстауға үйрету және олардың ой-өрісін, қиялын дамыту. Өткізген кітапханашы:Ахметова А.А
04.06.2026
09.04.2026 жылы «Старый Колутон ауылының ЖОББМ» КММ-нің мектепалды даярлық «Б» сыныбы ауылдық кітапханаға экскурсияға барды. Экскурсияны Мырзабаева А. жүргізді. **Мақсаты:** балалардың интеллектуалдық және рухани дамуға, өзін-өзі тануға және өздігінен білім алуға деген қажеттіліктерін қалыптастыру және қанағаттандыру; балаларды кітап оқуға, әлемдік және ұлттық мәдениетке баулу; оқу мен кітаптың құндылығын насихаттау; балалардың қоғамның әлеуметтік-мәдени ортасына кірігуіне ықпал ету. Мектепалды даярлық «Б» сыныбының тәрбиешісі: Христич М.В.
04.06.2026
10.04.2026 жылы «Старый Колутон ауылының ЖОББМ» КММ-нің мектепалды даярлық «Б» сыныбында «Ғарышкерлер күні» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Балалар алғашқы ғарышкерлер туралы мәлімет алды. Олардың алғашқы ғарышқа ұшулары және ғарыш кемелерінің атауларымен танысты. Сонымен қатар пазл құрастырып, суреттерді бояп, ғарышкердің скафандрын киіп көрді. Іс-шара көтеріңкі көңіл күйде өтті. Жұмысты мектепалды даярлық «Б» сыныбының тәрбиешісі Христич М.В. жүргізді.
04.06.2026
“Старый Колутон ауылының ЖОББМ” КММ 2026 жылдың 10 сәуір күні “Жас маман” декадасы аясында мектепішілік “Жайдарман” мерекесі өткізілді. Мақсаты: оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденуге, топпен жұмыс жасауға, оқушылардың бастамаларына қолдау көрсетіп, бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру арқылы “Жайдарман” ойындарын оқушылар мен жас мамандармен шығармашылығының бірсаласы ретінде насихаттау және әр командалар арасында шығармашылық, достық қарым-қатынасты күшейту болды.
28.05.2026
Жас маман декадасы жоспары