«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Старый Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Старый Колутон отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бізге жазады

Құрметті Ұстаздар!

Сіздерді оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын. Еліміздің мектептерінде жас түлектерге арналған «Соңғы қоңырау» соғылып, мыңдаған боз бала мен бойжеткен жаңа өмірге қадам басты. Солардың арасында «Старый Колутон ауылының ЖОББ» КММ-де алғаш білім табалдырығын аттаған, сонда бастауыш сыныптарда оқыған менің немерелерім Аружан мен Абзал да бар. Алда үміті, сенімі мол өмір жолы жатыр. Мен барлық түлектерге: «Осы жолға аяқ басқан алғашқы қадамдарың сәтті, алар асуларың биік, жолдарың ашық болсын! Сәт сапар!»- дегім келеді.

Өзімде осы білім ордасында 43 жыл физика,математика пәндерінен және бастауыш сыныптарда балаларға сабақ бердім. Қазір сол қызығы мен қиындығы мол, қуанышты, бақытты күндерімді, оқытып, өмірге жолдама  берген жүздеген шәкірттерімді,бірге жұмыс істеген, қуанышта және қиыншылықта қолдау болған, жетістіктеріме бірге риза болған әріптестерімді, көп жылдан бері ақылшым болған Мустафина Ұлтуған Мамбетовнаны, оқушым, содан кейін әріптесім, сосын мектеп ұжымын басқарып отырған Омарова Күләш Бағжанқызын және тағы да басқа ұстаздарды еске алып отырмын. Қуанышты сәттерде өлең жолдары еске келеді ғой:

Бала деме, бала  - ол болашағың,

Сен тұлғасың, оларға жол ашатын, - дегендей, мектеп ұжымына мың алғыс!!! Немерелеріме бастауыш сыныпта саналы да сапалы білім берген, адамгершілікке, кішіпейілдікке, адалдыққа тәрбиелеген және сахнада ән айтуға, өлең оқуға, билеуге үйреткен, мектептегі және аудандағы сайыстарға қатысып, жүлделі орын иелері болуға еңбек сіңірген Аружанның ұстаздары Нурмухановна Жамал Кабдуловнаға, Беймагамбетова Айнагуль Темиржановнаға және Абзалдың ұстаздары Искакова Қарлығаш Алданғаровнаға, Нұржайна Серетханға мың да бір рақмет!!!

Аружан орта мектепті, Абзал негізгі мектепті үздік бітіруде. Бұл жетістікте атаған ұстаздардың үлесі зор, «Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы», деп бекер айтылмаған екен. Немерелеріме де рақмет, үміттерімізді ақтады, болашақтары жарқын да бақытты болсын! Мектеп ұжымына әрқашанда зор денсаулық, шығармашылық, үлкен табыс, жүздеріңізден жылулық кетпесін, сарқылмас қайрат, отбасыларыңызға береке-бақыт, сәттілік тілеймін!

 

Игі тілекпен: Рамазанова Райхан Жусупбековна

Қазақстан Республикасының білім беру үздігі, зейнеткер ұстаз.

27 мамыр 2021 жыл

Нұрсұлтан қаласы

        

Жаңартылған күні: 01.06.2021 16:58
Құрылған күні: 01.06.2021 16:58

Текст