«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Старый Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Старый Колутон отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алғыстар

Мектебіміздің демеушілері ЖШС АШҚ «Колутон-04»-ке алғыс білдіреміз.

Ауыл шаруашылығы мерекесі қарсаңында біздің демеушілеріміз ЖШС АШҚ «Колутон-04» жұмыскерлерін кәсіптік  мерекесімен құттықтаймыз. Аталған шаруашылық басшысы Подоксенов П.В. және оның қол  астындағы жұмыскерлері  бірнеше жыл бойы біздің мектебімізге демеушілік көмек көрсетіп келеді.

         Қазіргі уақытта  бірінші сынып оқушыларына мектеп құралдарын сыйға тарту дәстүрге айналды. Жазғы уақытта мектепті жөндеу кезінде де қол ұшын беріп, көмегін аямайды. Мектеп әкімшілігі қандай жағдай болмасын көмек сұраған кезде ешқашан қарсылық емес.

         Бұл ЖШС АШК «Колутон-04» басшысы Подоксенов П.В.  және оның ұжымының бойында жақсы қасиеттерімен адамгершілігі мол, келешек ұрпаққа үлгі тұтатындай тұлға екендігін көрсетеді.

         Біз ауылда тұрғандықтан ауылдың жағдайын кез келген адам түсіне бермейді. Ал, Подоксенов П.В. мектептің және оқушылардың жағдайын түсініп, біздің мәселемізге түсіністікпен қарайды.

         Осы кәсіби мерекеге орай, ауыл шаруашылық жұмыскерлерін, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер ұжымы, оқушыларымен жұмыскерлері атынан біздің демеушілерімізге мықты денсаулық «Жері байдың – елі бай», -  демекші, қамба толы астық, отбасылық береке тілей отырып, алғысымызды білдіреміз.

         Осындай азаматтарымыздың арқасында біздің өлкеміз жайнап, құлпыра берсін!

         Адамдарға жасаған жақсылығың әрдайым өзіне екі есе қайтып келеді дегендей, барлығына бейбітшілік, өркендеу, оптимистік көңіл-күй...

Жаңартылған күні: 31.08.2016 17:53
Құрылған күні: 18.02.2021 18:50

Текст