Мектебімізде «Жігіт сұлтаны» атты танымдық-тәлімдік байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты – оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру, ойлау қабілетін, тапқырлығын және шығармашылық белсенділігін дамыту. Сайысқа 9-сынып оқушылары қатысты. Байқау барысында оқушылар өздерін жан-жақты, белсенді және жауапкершілігі жоғары тұлға ретінде таныта білді. Қатысушылар берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, өз ойларын еркін жеткізе алды. Қазылар алқасының шешімі бойынша байқау нәтижелері келесідей анықталды: «Жігіт сұлтаны» – Адиятов Давид (9Б сынып) «Ең өнерлі» – Вотчель Арсений (9Б сынып) «Ең ақылды» – Кеңесов Ерзат (9А сынып) «Ең тапқыр» – Жәрдем Жанаділ (9А сынып) Барлық қатысушылар жақсы деңгейде өнер көрсетіп, өздерінің жақсы қасиеттерін көрсете білді. Байқау тәрбиелік мәні жоғары, мазмұнды әрі қызықты өтті.