27 сәуір күні, мектебімізде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай салтанатты түрде оқушыларды «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» қатарына қабылдау рәсімі өтті. 1-сынып оқушылары «Жас Қыран» ұйымына, ал 5-сынып оқушылары «Жас Ұлан» қатарына қабылданды. Бұл маңызды шара жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты, Отанға деген сүйіспеншілікті және бірлік пен достық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған. Барлық қабылданған оқушыларды құттықтаймыз! Еліміздің болашағы жарқын болсын!