Текст
04.06.2026
Жазғы демалыс — балалардың демалып, денсаулығын нығайтатын қызықты уақыт. Бірақ қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды. Әр оқушы өз өмірі мен денсаулығын қорғау үшін ережелерді білуі керек. Тақырыптық жиын өтті, оқушылар ережелермен танысты. 1–10 сыныптар. • Жол қозғалысы қауіпсіздігі • Су қауіпсіздігі • Өрт қауіпсіздігі • Табиғаттағы қауіпсіздік • Күннен және ыстықтан қорғану • Үйдегі қауіпсіздік • Интернет қауіпсіздігі • Спорт және ойын қауіпсіздігі • Электр қауіпсіздігі • Қоғамдық орындардағы қауіпсіздік • Тамақтану қауіпсіздігі • Төтенше жағдай кезіндегі нөмірлер Қорытынды: Қауіпсіздік ережелерін сақтау — әр оқушының міндеті. Жазғы демалысты пайдалы, қызықты әрі қауіпсіз өткізу үшін барлық ережелерді есте сақтау қажет.
04.06.2026
«Өлеңмен өрілген отты жылдар» поэзия сағаты. Мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ел басына түскен ауыр кезеңді поэзия арқылы таныту, майдангер ақындардың ерлігі мен патриоттық рухын дәріптеу, оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, тарихи жады мен ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Сонымен қатар, өлең өнеріне қызығушылықтарын дамытып, көркем сөз оқу мәдениетін қалыптастыру. Қатысқан: 2-8 сыныптың оқушылары. Өткізген: Алтай Рита
04.06.2026
06.07.2026 жылы «Старый Колутон ауылының ЖОББМ» КММ-де мектепалды даярлық «Б» сыныбында «Отан қорғаушылар күніне» арналған іс-шара өтті. **Мақсаты:** балаларға патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, Отан қорғаушыларға құрмет көрсету және елдің ерлікке толы өткені үшін мақтаныш сезімін ояту. Іс-шара ұл балалардың батыл, күшті болуға ұмтылысын қалыптастыруға, сондай-ақ мерекелік көңіл күй жасауға бағытталды. Мектепалды даярлық «Б» сыныбының тәрбиешісі: Христич М.В.
04.06.2026
05.05.2026 ж. «Старый Колутон ауылының ЖОББМ» КММ-нің мектепалды «Б» сыныбында «Шабыт» бағдарламасы аясында «Әжелер ертегісі» тақырыбында жобалық жұмыс жүргізілді. Мақсаты: ұрпақтар арасындағы эмоционалдық байланысты нығайту, мәдени дәстүрлерді жеткізу, адамгершілік қасиеттерді (мейірімділік, адалдық, өзара көмек) тәрбиелеу, сондай-ақ балалардың сөйлеу тілін, есте сақтау қабілетін және қиялын дамыту. Жұмысты мектепалды «Б» сыныбының тәрбиешісі Христич М. В. жүргізді.
04.06.2026
4 мамыр 2026 жылы 2 «Б», 3 «Б» сыныптарында «9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды Ұлы Отан соғысының тарихымен және Жеңіс күнінің маңызымен таныстыру; ардагерлердің ерлігіне құрмет көрсетуге және патриоттық сезімге тәрбиелеу; Қазақстан армиясының құрылуы, қалыптасуы мен дамуы туралы, сондай-ақ еліміз және онда өмір сүріп жатқан адамдар туралы білімдерін нығайту. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан армиясының әскер түрлерімен танысты. Презентацияны тамашалағаннан кейін тақырып бойынша талқылау жүргізілді. Сонымен қатар әртүрлі жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық ережелерін құрастырды. Сынып сағатын бастауыш сынып мұғалімі Ридунова Марина Яковлевна өткізді.
04.06.2026
30.04.2026 жылы, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай халықтар фестивалі өтті. Фестиваль барысында оқушылар әртүрлі ұлттарды таныстырды: әр топ өз халқы туралы мәлімет беріп, бір дәстүрін көрсетті, сондай-ақ сол халықтың өлеңін айтып немесе биін биледі. Сонымен қатар, мереке аясында жәрмеңке ұйымдастырылып, ұлттық тағамдар ұсынылды.
04.06.2026
29.04.2026 жылы «Старый Колутон ауылының ЖОББМ» КММ-де мектепалды даярлық «Б» сыныбында «Бір шаңырақ астында!» атты шығармашылық фестивалі өтті. **Мақсаты:** еңбекке және еңбек адамдарына құрмет сезімін тәрбиелеу, балаларды мерекенің дәстүрлерімен таныстыру, қуанышты көңіл күй қалыптастыру, сондай-ақ танымдық белсенділікті, шығармашылық қабілеттерді дамыту және балалар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту. Мектепалды даярлық «Б» сыныбының тәрбиешісі: Христич М.В.
04.06.2026
2026 жылы 29 сәуір күні мектебімізде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Мақсаты: Оқушыларды тазалыққа, еңбекқорлыққа және қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу, мектеп ауласын көркейту, ұжымдық жауапкершілік пен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
04.06.2026
Президент Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы мен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылдың 29 сәуір күні Республикалық ағаш егу челленджі өткізілді. Челледжіге 9"А" - 9"Б" сынып түлектері қатысты. Сынып жетекшілері: Омарова М.Б., Нурилла А.К.
04.06.2026
Суреттер сайысы. Тақырыбы: "Біз нашақорлыққа қарсымыз" 1-4 сыныптар.