Текст
04.06.2026
27 сәуір күні, мектебімізде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай салтанатты түрде оқушыларды «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» қатарына қабылдау рәсімі өтті. 1-сынып оқушылары «Жас Қыран» ұйымына, ал 5-сынып оқушылары «Жас Ұлан» қатарына қабылданды. Бұл маңызды шара жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты, Отанға деген сүйіспеншілікті және бірлік пен достық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған. Барлық қабылданған оқушыларды құттықтаймыз! Еліміздің болашағы жарқын болсын!
04.06.2026
6, 7 және 10-сыныптарда «Біз қолға үйреткендерге жауаптымыз» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сабақтың мақсаты — оқушылардың жануарларға деген ізгі қарым-қатынасын қалыптастыру, жауапкершілік сезімін дамыту және қоршаған ортаға саналы түрде қарауға тәрбиелеу. Сынып сағаты барысында оқушылар белсенді қатысып, жануарларға қамқорлық жасау туралы өз ойларымен бөлісті, жеке тәжірибелерімен бөлісіп, мейірімділік пен жауапкершіліктің маңыздылығы туралы пікір алмасты. Оқушылар әр адам өзіне сеніп тапсырылған жануарларға жауапты болуы керек деген қорытындыға келді. Осындай тәрбиелік шаралар балалардың бойында мейірімділік, жанашырлық және барлық тіршілік иелеріне деген құрметті қалыптастырады. Өткізген: Бейсенби А. Акпанбаева Г. А.
04.06.2026
Ас болсын!
04.06.2026
Мектебімізде «Жігіт сұлтаны» атты танымдық-тәлімдік байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты – оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру, ойлау қабілетін, тапқырлығын және шығармашылық белсенділігін дамыту. Сайысқа 9-сынып оқушылары қатысты. Байқау барысында оқушылар өздерін жан-жақты, белсенді және жауапкершілігі жоғары тұлға ретінде таныта білді. Қатысушылар берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, өз ойларын еркін жеткізе алды. Қазылар алқасының шешімі бойынша байқау нәтижелері келесідей анықталды: «Жігіт сұлтаны» – Адиятов Давид (9Б сынып) «Ең өнерлі» – Вотчель Арсений (9Б сынып) «Ең ақылды» – Кеңесов Ерзат (9А сынып) «Ең тапқыр» – Жәрдем Жанаділ (9А сынып) Барлық қатысушылар жақсы деңгейде өнер көрсетіп, өздерінің жақсы қасиеттерін көрсете білді. Байқау тәрбиелік мәні жоғары, мазмұнды әрі қызықты өтті.
04.06.2026
“Старый Колутон ауылының ЖОББМ”КММ 2026 жылдың 23,24 сәуір айында 6,7,8,9 сыныптарында “Тарих ата” олимпиадасы өткізілді.
04.06.2026
Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» онкүндігі аясында Отбасы күніне орай ата-аналармен бірлескен кітап оқу шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында ата-аналар мен балалар бірге кітап оқыды. Бұл шара отбасы мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтып, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға бағытталды. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, әсерлерін жеткізді. Мақсаты:Балалар мен ата-аналар арасында кітап оқуды насихаттау, отбасы құндылықтарын дәріптеу және баланың рухани дамуына ықпал ету. Сонымен қатар, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін күшейтіп, бірге уақытты пайдалы әрі мазмұнды өткізуге баулу. Өткізген кітапханашы:Ахметова А.А
04.06.2026
2026 жылғы 17 сәуір күні сағат 10:00-де мектеп асханасының жұмысына, дайын тағамдардың сапасына және қызмет көрсету деңгейіне тексеру жүргізілді. Комиссия құрамы: 1. Сунгатова М.Ж. – ата-аналар комитетінің мүшесі (мұғалім) 2. Хамзина Асель Е. – әлеуметтік педагог 3. Мырзабаева Д.Т. – мектеп медбикесі Тексеру барысында анықталды: 1. Тексеру кезінде мектеп асханасында бір апталық мәзір ұсынылған. 2. Ұсынылған тағамдардың белгіленген нормаларға сәйкес дайындалғаны атап өтілді. 3. Тамақтан кейін үстелдер санитарлық талаптарға сәйкес келетін және дезинфекциялау нормаларына сай құралдармен сүртіледі. 4. Өнімдердің иісі таза, балғын. Барлық тауарларға сертификаттар бар. Мектеп асханасында дайын өнімдерді өндірудің барлық кезеңдерінде талаптар сақталған. Шикізатты технологиялық енгізу, технологиялық процесті жүргізу (температура мен уақыт), сондай-ақ жылумен өңдеу кезеңдерінің реттілігі белгіленген нормалар мен талаптарға сәйкес келеді. Мектеп асханасында азық-түлік өнімдерін сақтау бойынша санитарлық-гигиеналық талаптар сақталған.
04.06.2026
17.04.2026 жылы «Старый Колутон ауылының ЖОББМ» КММ-нің мектепалды даярлық «Б» сыныбында спорт алаңында серуен ұйымдастырылды. **Мақсаты:** денсаулықты нығайту, физикалық қасиеттерді (ептілік, жылдамдық, төзімділік) дамыту және таза ауада ұйымдастырылған қимыл-қозғалыс әрекеті арқылы спортқа қызығушылықты қалыптастыру. Серуен балалардың батылдығын, үйлесімділігін, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытып, артық энергияны шығаруға және зат алмасуды қалыпқа келтіруге көмектеседі. Мектепалды даярлық «Б» сыныбының тәрбиешісі: Христич М.В.
04.06.2026
“Старый Колутон ауылының ЖОББМ”КММ 2026 жылдың 15 сәуір күні “Полиглот” декадасының жоспары бойынша 7 “Б” сыныбы мен 3 “А” сыныптарында ағылшын тілінен ашық сабақтар өтілді. Мақсаты: оқушылардың сөздік қорын кеңейту, тілдік бірліктерді дұрыс қолдануға үйрету.
04.06.2026
15.04.2026 жыл 2,3,4 “А” сыныптың оқушыларымен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары бойынша жұмыстар жүргізілді, яғни тақырыптар бойынша түсіндірме әңгіме өткізілді. Тақырыптар: ашық ұңғымалар, ашық терезелерден сақталу, жол -көлік оқиғалары, өрттер, электр жарақаттары, қаңғыбас иттер, күн соққысы, тастанды және төтенше жағдайлар, кене шағуы, жұқпалы аурулар, судағы қауіпсіздік. Әлеуметтік педогог: Хамзина А.Е.