4 мамыр 2026 жылы 2 «Б», 3 «Б» сыныптарында «9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды Ұлы Отан соғысының тарихымен және Жеңіс күнінің маңызымен таныстыру; ардагерлердің ерлігіне құрмет көрсетуге және патриоттық сезімге тәрбиелеу; Қазақстан армиясының құрылуы, қалыптасуы мен дамуы туралы, сондай-ақ еліміз және онда өмір сүріп жатқан адамдар туралы білімдерін нығайту. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан армиясының әскер түрлерімен танысты. Презентацияны тамашалағаннан кейін тақырып бойынша талқылау жүргізілді. Сонымен қатар әртүрлі жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық ережелерін құрастырды. Сынып сағатын бастауыш сынып мұғалімі Ридунова Марина Яковлевна өткізді.

04.06.2026
Просмотров: 20


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу