Құрметті ата-аналар! Біздің өңірде биік ғимараттар көп болмаса да, балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі сақталады. Алдын алу мақсатында келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз: • пластикалық терезелерге арнайы ашылуды шектейтін құрылғыларды, блокираторлар мен балалар құлыптарын орнату; • ашық терезесі бар бөлмеде балаларды қараусыз қалдырмау; • баланың терезе алдына шығуына мүмкіндік беретін жиһаздар мен заттарды терезе маңынан алып тастау; • балалармен үйдегі қауіпсіздік ережелері туралы тұрақты түрде түсіндіру әңгімелерін жүргізу. Есіңізде болсын: ашық терезе бала өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтайық!