Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» онкүндігі аясында Отбасы күніне орай ата-аналармен бірлескен кітап оқу шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында ата-аналар мен балалар бірге кітап оқыды. Бұл шара отбасы мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтып, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға бағытталды. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, әсерлерін жеткізді. Мақсаты:Балалар мен ата-аналар арасында кітап оқуды насихаттау, отбасы құндылықтарын дәріптеу және баланың рухани дамуына ықпал ету. Сонымен қатар, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін күшейтіп, бірге уақытты пайдалы әрі мазмұнды өткізуге баулу. Өткізген кітапханашы:Ахметова А.А

04.06.2026
Просмотров: 20


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу