«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акция аясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухтарбекова Д.Е жоғарғы сынып оқушыларымен «Мы о наших проблемах» атты тәрбие сағатын өткізді.Қатысушылар өздерінің әлеуметтік проблемалары жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық проблемалардың көрінісі мен жалғасы болып табылатындығын атап айтты. Оларды негізінен келесі проблемалар қатты ойландырады: жоғары немесе орта білім ала алмау; өз отбасын материалдық жағынан қамсыздандыру қиындықтары; өз мамандығы бойынша жұмысқа қамтылу мәселесі; баспананың болмауы. Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай дәл осы қиын шешілетін мәселелер жиынтығы отбасы ішілік келіспеушіліктердің пайда болуына, олардың тұрақсыздығына алып келеді деп ойлайды. Оқушылар тәрбие сағаты барысында өздерінің өмірдегі жағдаяттарымен бөлісіп, жағдаятты қалай шешкендерін және қалай шешу керек екендігін талқылады.