2020-2021 оқу жылындағы ағылшын апталығы 19-шы қазан мен 23-ші қазан аралығында өтілді. Алдымен апталықтың жоспары құрылды. Сол жоспар бойынша апта бойы оқушылармен жұмыс атқарылды. Дүйсенбі күні апталықтың ашылуы 1-10 «А», 1-9 «Б» сыныптар арасында оқушыларға апталықтың жоспары таныстырылды. Оқушылар интернет-олимпиада бойынша олимпиада тапсырды. «Big Ben» олимпиадалық конкурстан 2-10 «А», 2-9 «Б» сынып оқушылары қатысып, сертификат пен мадақтамалар алды. Оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыру үшін ағылшын тілінің апталық жоспарын, әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы көрсету жоспарланды. Дүйсенбі күні «Red Bus» танымал автобусы түрінде жоспар көркемдеп бейнеленді. Сонымен қатар оқушылардың көру қабілеттері арқылы және оқу қабілеттері арқылы сөздерді жаттауға баулыды. Оны буклетпен көрсетіп, сандар мен түстерді, апта күндері мен айларды, жыл мезгілдері және реттік сандар буклетпен жасалынды. Оқушылар оқып естерінде сақтайды.Сейсенбі күні 1-4 «А», «Б» сынып оқушыларына арналған әртүрлі ойындар ұйымдастырылды. Әр сыныппен жеке-жеке ойындар ойнатылды. Оқушылармен үлкен үзіліс кезінде ойындар ойнатылды.Сәрсенбі күні 8 «Б», 9 «А», 9 «Б» оқушылары арасында «Flags» және 4 «Б» сынып оқушылары арасында «Nature» сурет көрмесі ұйымдастырылды. Барлық оқушылар белсена қатысып, оқушыларға мадақтама қағазы мен сыйлықтар берілді. Бейсенбі күні 5 «А» сынып оқушыларымен «Animals» қабырға газеті шығарылды. Онда жануарлардың әртүрлілігі туралы көрсетілді. Үй жануарлары, ферма жануарлары, жабайы жануарлар мен су жануарларын суреттермен безендірілді. Барлық оқушылар белсене қатысты. 7-8 «А» сынып оқушылары «England» және 10 «А» сынып оқушылары «United States America» елінің 50 штатын қабырға газеті арқылы бейнелеп салды. Кожахметова Асель Маратовна 5 «А» сынып оқушыларымен «Human Being» атты ашық сабақ өткізді. Оқушылар ағылшынша сұраққа жауап беру арқылы ағылшыннан білімдері бар екенін көрсетті. Сабақ барысында оқушылар белсене жұмыс атқарды. Оқушылар топқа бөлініп отырсада, әр оқушы жеке отырып та, жұмыстар жасады. Берілген тапсырмаларды тиянақты орындап отырды. Жұма күні Төребай Жасарбек 8 «Б» сынып оқушылпрымен «Daily and shopping» атты ашық сабақ өткізді. Оқушылар белсенді жұмыс атқарды. Ағылшын апталығы бойынша жоспарланған жұмыс белсенді атқарылды, ойдағыдай орындалды. Әр жыл сайын креативті жұмыс атқарылады деп ойлаймыз және сенеміз.