14-18 қыркүйек аралығында Старый Колутон орта мектебінде Отбасы күніне орай Өзін-өзі тану пәні бойынша тақырыптық апта өтті. Мақсаты: оқушылардың бойында өз отбасына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін, ата-анасына құрмет сезімін тәрбиелеу."Отбасы күні "тақырыптық апталығы сынып сағаттарынан басталды. Дүйсенбіде ,яғни 14.09.2020 ж. сынып жетекшілері бейнесабақтарды, көрнекіліктерді пайдаланып, сынып сағаттарын өткізді. Сейсенбіде, 15.09.2020 ж. 5-6 сынып оқушылары ватманда ата-аналарының суреттерімен коллаж жасады,сондай-ақ өздерінің сүйікті ата-әжелерін қосты. Жұмыстар өте қызықты және әдемі болып шықты,оған балалардың өздері де қатты қуанды.Сәрсенбі, 16.09.2020 ж. жоғарғы сынып оқушылары арасында "Қазақстан-біздің ортақ үйіміз" викторинасы өткізілді .Оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы викториналық сұрақтардан көп нәрсе білді.Қойылған сұрақтарға қуана жауап берді.Келесі оқушылар ерекшеленді: Дворниченко Максим, Глизовенко Андрей.Сондай-ақ 17.09.2020 ж.8 сыныптар арасында"Отбасы - менің байлығым"тақырыбында шығармашылық жұмыс жүргізілді. Балалар өздерінің сүйікті ата-аналары туралы эссе жазды. Негізінен олар аналарын,әжелерін қалай жақсы көретіндігі,отбасыларында қандай дәстүрлер бар,аналар мен әжелерге қандай сыйлықтар жасайтындығы туралы жазды. Жақсы жұмыстарды Фонарева Диана, Мейрман Алиби, Елубаева Амина, Дворниченко Анна жазды.18.09.2020 ж. оқытушы Искакова К. А."Отбасы-шағын қоғам" атты сыныптан тыс іс-шарасы өткізілді,онда оқушылар көптеген қызықты мағлұматтар алды. Және Алтай Рита "Отбасым-асыл қазынам"атты сыныптан тыс сынып сағат өткізді. Апта бойы "менің отбасым" атты суреттер конкурсы өткізіліп, аптаның қорытындысы шығарылды. Аталған іс-шараларды өткізуге белсенді қатысқаны үшін мектептің үздік оқушылары грамоталармен марапатталды.