Старый Колутон орта мектебінде 07-14 қыркүйек аралығында «Тілім менің -тірлігімнің айғағы» атты тілдер мерекесіне арналған іс - шаралар өтті. «Тілім менің-тірлігімнің айғағы» атты тілдер мерекесіне орай мектебіміздің кітапханашысы Баймагомбетова Қ. Ш. «Өнер алды-қызыл тіл» атты балаларға арналған кітап көрмесін ұйымдастырды. Балалар кітап көрмесін қызықтап қана қоймай, өздеріне ұнаған кітаптарды алып оқыды. Баймагамбетова А. Н. 8 «Б» сыныбымен «Тіл-ұлттық қазына» атты сыныптан тыс тәрбие сағатын өткізді. Балаларға тіл туралы заңның қашан қабылданғанын еске түсіре отырып, қазақ тілінде «Ана тілімді сыйлаймын» атты көрініс қойылды. Оқушылар ана тілінде таза сөйлеуге тырысып,тілдің өз өміріндегі маңызын түсінді.Мұхамеджанова Н. Қ. 5-7 сыныптар арасында мақал – мәтелдер сайысын өткізді. Қазақ халқының тіл туралы мәтелдерінің мағынасын аша отырып, әр оқушыға тілдің қаншалықты қымбат екенін түсіндіріп кетті. Жанкулова Ж. Ғ. «Қазақ тілі- мемлекеттік тіл» атты сыныптан тыс тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында ұлы,ғұлама ақындарымыздың нақыл сөздері оқылып, талқыланды. Оқушылар өз білімдерін толықтыра отырып, тәрбие сағатына белсене қатысты. Сонымен қатар ата өсиетіне құлақ салып,ананың тілі арқылы жеткен «Ана тілімізді» ардақ тұту керектігі айтылды.Оқушылар аясында «Мемлекеттік-тіл менің тілім» атты қабырға газеті шығарылып, қорғалды. Бұл газетте оқушылар тіл туралы мақал -мәтелдерден бастап, ақын-жазушыларымыздың тіл туралы жазып кеткен нақыл сөздерінде қамтып өтті.Қорытындылай келе ана тіліміздің болашағы өскелең ұрпақтын қолында екені айтылды. Оқушылардың бойында патриоттық сезімін оятып,тілін,Отанын,елін,жерін сүюге мәңгілік парыздар екендігі айтылды.