21.05.2020
Старый Колутон
орта мектебінің
9 «А» сынып оқушысы
Қадылбекова Айжан
Ұлы Жеңістің қадірін ұмытпайық.
Жеңіс… Жүрегінде белгілі бір жылулық пен мақтаныш сезімін оятады. Сонымен қатар оның үрейі мен қорқыныш сезімін оятатыны тағы да бар. Осы жеңіс үшін қаншама ата-бабаларымыз, апа-ағаларымыз жаның қиды. Ұлы жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Жыл өткен сайын бізге ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлерімізбен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан да Ұлы Жеңіс үшін құрбан болған майдангер ардагерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз. Біздің бейбіт, жарқын өмір сүріп жатқанымыз осы кісілердің арқасы ғой... Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 75 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыста ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні бұл сан мыңдаған жас ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке бейбітшілік пен қайрылымдылықтың мәңгі жасампаздығын Отан үшін өмірін қиған жауынгер солдаттар мен офицерлердің ерлігін еске алатың күн.
Біздің ата-бабаларымыздың ерлігі, олардың өз еліне деген сүйіспеншіліктері қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл алдағы бірнеше ұрпақты байланыстыратың адамгершіліктің түпкі тамыры болып табылады. Табандылық пен ерлік, Отанға деген шексіз сүйіспеншілік жауынгерлерімізге қақаған аязда, жүректеріне жылу берді. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің еліне деген патриоттық сезімін дәлелдеді 500-ден аса жерлестеріміздің ішінде 96 қазақ өзінің ұлт мақтанатың батырлығы үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Бұл соғыста тек қана батыр ұлдарымыз ғана емес ержүрек қыздарымызда көзге түсіп, тарихта өз орындарын өшпестей ойып қалдырды.
Сонау қиын қыстау кезде шалғайдағы ауыл адамдары фабрикамен заводтарда оқ дәрі мен азық түлік, жылы киімдер дайындауға қол ұшын берді. Жеңіс әркімді шолып өтті, көптеген жанның жанын жаралап, қабырғасын қайыстырды. Соғыс ардагерлері өткен күндерді қиыншылықпен еске алса да ардагерлерімізді жеңіс күнімен құттықтаған кезде олардың көзіне жас алып , қуанатыңдары белгілі. Себебі, бұл халықтың соғыс кезіндегі ащы мұнды зары емес, бұл қуаныштың көз жасы. Біздің парызымыз бұл күнді есте сақтап, алаңсыз өмір сүріп жатқаңымыз үшін алғыс айтып, бейбіт өмірімізге шүкіршілік ету.
Ұлы жеңіс күні құтты болсын. Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың зардабын тартқан ата-әжелеріміз аман болсын. «Ешкімде ұмытылмас, ешкімде ұмытылмайды ». Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз болашақ ұрпақты Отаның сүюге, өз елінің адал патриоты, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы Отан сүйгіштікке тәрбиелеу екенің ұмытпағанымыз абзал.