28.02.2020
Старый Колутон орта мектебінде Қазақстан Республикасының ассамблеясының 25 жылдығына орай фестиваль өтті. Фестивалге мектеп ұжымы, оқушылар мен ата-аналар қатысты. Мектебімізде әр ұлттың балалары білім алады. Фестивалге Новый Колутон ОМ, Колутон ОМ қонаққа келді. Оқушылар мен ұстаздар әр ұлттың ұлттық киімін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын,ойынын көрсете отырып,әні мен биін нақышына келтіріп орындады. Келген қонақтарымыз мектеп музейін тамашалап,ата-аналар мен оқушыларымыз дайындаған "Тәтті жәрмеңкеден " ауыз тиді. Сөз соңында мектеп әкімшілігінің атынан барлық ат салысқан ұжымға алғысымызды білдіреміз.