«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Старый Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Старый Колутон отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналар жиналысы

12.02.2017

   Ақпан айының   9 күні Старый Колутон орта мектебінде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Аудандық полиция қызметкерлері: Галиев Н.Е., Турсинбаева Н.К., аға лейтенант Имиров Р.А. ата-аналарды  «Жасөспірімдер арасында жыныстық қатынастың алдын алу», «Интернет жүйесі» туралы ақпаратпен таныстырды. Қазіргі кезде

«Синий кит», «Тихий дом» сияқты қауіпті ойындардың тез өршіп, көбеюіне байланысты, балалардың телефон, компьютер арқылы танысуларың  қадағалап, ата-аналарды баланың бос уақытта немен айналысатыңдарына көңіл аударуды сұрады. «Жасөспірімдердің құқық бұзу және оның алдын алу» туралы баяндады.  14-18 жастар арасындағы бұзықтық жасау себептері туралы, оларды болдырмау үшін  интернетте көп уақыт отырмай басқа пайдалы  іс-шаралармен айналысу керек деп айтып, мысалдар келтірді. Аудандық инспекторлар ата-аналарға

интернет ойындарының қандай болатының түсіндіріп,  мысал ретінде бетшелер таратты.Тәрбие жұмысының

меңгерушісі  Камзина С.М. ата-аналарға «Ерте жүктіліктің ертені қандай?» деген тақырыбына баяндама оқып, презентация көрсетті. Камзина С.М. қазіргі замаңда жас жеткіншіктердің арасында ерте ана атану жағдайлары жиілеп кеткені туралы айтып, біздің облысымыз бойынша сондай оқиғаларға  мысал келтірді. Презентация арқылы, ата-аналарға  жасөспірімдердің  физикалық және психикалық қабілеттері қалай өзгеретіні туралы, жасөспірімдер  мұндай қадамға бару себептері туралы түсіндірді.

Просмотров: 327


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст