«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Старый Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Старый Колутон отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Өнер мен махаббат педагогикасы" декадасы

28.02.2017

Старый Колутон орта мектебінде ақпанның 2-сі мен 13-і аралығында  «Өзін-өзі тану: өнер мен махаббат педагогикасы» атты декадасы өтті. Декада «Самопознание: педагогика любви и творчества»  атты тақырыптық

жиынмен басталды. Кітапханада Баймагамбетова К.Ш. «Мейірім төккен ана» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Біздің мектептің 2 оқушысы Бельгибаев Арман және Конопля Анастасия Колутон орта мектебінде өткен «Жүрек толы махаббат» атаумен мәнерлеп оқу сайысына қатысты. Конопля Анастасия бұл сайыста 2-ші орынды иеленді.Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері Мурсалимова С.М. және Камзина С.М. 5-11 «А» сыныптары арасында 

«Өзін-өзі тану» атты тренинг жүргізді.  2-4 сынып оқушылары «Әсемдік пен жақсылық әлемі» атты шығармашылық көрмесіне өз қолдарымен жасалған жұмыстарын тамашалауға ұсынды. Мұхамеджанова Н.Х өзін-өзі тану пәнінде оқушылар салған суреттер көрмесін ұйымдастырды. Сонымен қатар мектепте « Жүректен жүрекке» айдарымен

жылы тілек, алғыс айту акциясына балалар белсенді қатысып ата-аналарына, достарына, мұғалімдерге жылы лебіздерін білдірді.Декада барысында «Ойыншық сыйла» акциясы да өтті. 1-4 «А» сынып атаөаналары «Отбасы махаббаты неде?» тренингіне қатысты. Тренинг барысында ата-аналар шаттық шеңберге тұрып, 2 топқа бөлініп түрлі жағдаяттарды шешті, қызықты сұрақтарға жауап беріп,берілген тапсырманы орындады. Тренинг соңында « Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан  жасалатын  жағдайлар» және «Бала үшін мұғалім мен ата- ана  арасында қандай байланыс болуы керек?» тақырыбына кластер жасап өз ойларымен бөлісті. Декада аясында жоспарланған іс-шаралар толығымен орындалды.Тек ауа райының қолайсыздығына байланысты «Ән-қөңілдің ажары» атты қорытынды мерекелік бағдарлама кейінге қалдырылды.

  Өзін-өзі тану ӘБ жетекшісі: Беймагамбетова А.Т.

Просмотров: 359


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст