«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Старый Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Старый Колутон отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Апталықтың қорытындысы

11.05.2017

Старый Колутон орта мектебінде 03-08 сәуір аралығында химия, биология және

география апталығында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат.

Жаратылыстану-математика бағыты әдістемелік бірлестігінің бекітілуі бойынша

3-8 сәуір аралығында іс-шаралар өткізілді.

03.04. 5-7 «Б» сыныптарында Трощеновская Т.В химия пәнінен «Занимательная химия» тақырыбында сыныптан тыс

шара, 06.04 күні биология пәнінен 7 «Б» сыныбында «Многообразие птиц» ашық сабақ  және 08.04. 10 «Б» сыныбында география  пәнінен «Международный туризм» ашық сабақ  өткізді. Сабақ методикалық тұрғыдан дұрыс құрылған. Уақытты ұтымды пайдалану үшін тірек-сызба , карта, кескін карта қолданды, презентация, видеолар көрсетілді. Оқушылар жаңа сабақтан алға ақпараттарын жазып отырды. Әртүрлі тапсырма қарастырды, тәжірибе көрсетілді.Сабақ өз мақсатына жетті. 05.04. Кожахметова Ж.А. 9 «А» сыныбында «Ғажайып химия» сыныптан тыс сайыс сабақ және 7,8 «А» сыныптарында биология  сабағынан «Қанатты достар» сыныптан тыс шара өткізді. Сабақ методикалық тұрғыдан дұрыс құрылған. Жұмыс түрлері қарастырылып, топқа бөліп, сайыс сабақ түрінде өтілді. Сабақта эссе, презентация, шығармашылық тапсырма беріліп, есептер шығарылды, өте қызықты өтті.Тақырып толық  ашылды, мақсаты дұрыс қойылған. Сабақ мазмұнды, жүйелі құрылған,мақсатына жетті. 07.04. Камзина С.М.  10 «А» сынып оқушыларымен  «Әлемді география арқылы таны» атты сайыс сабақ өткізді. Оқушылар өздерінің жұмыстарын көрсетті. Сабақ барысында бірнеше жұмыс түрлері көрсетілді және қызықты мәліметтер берілді,презентация түрінде, мультимедиялық кабинетте өтті. 06.04. Шукеева Г.У 11 «А» сыныптарында география

пәнінен «География аренасындағы жұлдыздар» атты сыныптан тыс шара өткізді. Сабақ методикалық тұрғыдан дұрыс құрылып, топқа бөліп, жаңа оқыту стилімен жүргізілді. 06.04. Беймагамбетова А.Т 11 «А» сыныбында химия

пәнінен «Химияның тұрмыстағы , адам өміріндегі маңызы» атты дебат сабақ өткізді. Химияның пайдасы мен зияны туралы слайд, видео көрсетіліп, оқушылар ойларын жеткізіп, пікір таласты. Сабақ өте қызықты өтті. Мұғалім қойған

мақсатына жетті. Апталықта биология пәнінен «Құстар – біздің досымыз» мини-шығарма немесе эссе жазу, географиялық викториналар сайысы өткізді. 3-9 сыныптар  «Қанатты достар»  сурет сайысын өткізді. Шығармалары өте жақсы жазылған, оқушылар ойларын жеткізе білген. 10.04. «Тәжірибе түйіні-ізденісте» тақырыбымен ӘБ отырысы өткізілді. ӘБ отырысында өзіндік білім көтеру тақырыбы бойынша Камзина С.М хабарлама жасады.

Сабақтар методикалық тұрғыдан дұрыс құрылып, сабақтар өз мақсатына жетті. Барлық шаралар уақытында өткізілді. Сабақтарда жаңа технология элементтері қолданып, заман талабына сай өтілді.

                                                                                    

ӘБ жетекшісі: Кожахметова Ж.А.

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 431


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст