Жиналысқа 47 ата-ана қатысты. Мектеп директоры Омарова К.Б. 2017-2018 оқу жылында мектепте қамқорлық кеңесі өз жұмысың бастап, құрамына 11 ата ана кіретінің айтып, кеңестің атқаратын жұмысы туралы баяндады. Старый Колутон ауылының учаскелік полиция инспекторы Тынбаев А.Е. , жиналысқа келген ата аналарды «Жасөспірімдер арасындағы қарым қатынас» тақырыбына баяндама оқып, түңгі 23:00 ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге болмайтының айтып, егерде ондай жағдай болып қалса, ата -анаға айыппұл салынатының ескертті. Мектеп психологы Алтай Р. ата -аналарға «Суицидтің алдын алу» тақырыбына баяндама оқып, өз өзіне қол жұмсаудың себептері туралы сөз қозғап, баланың көп уақыт отбасында өткізетіндіктен, ата аналарға балаларының тәрбиесіне көңіл бөлгенді сұрады. Тәрбие жұмысының меңгерушісі Камзина С.М. рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру үшін «Парасатты азамат» Адал ұрпақ ерікті мектеп клубының құрылуы туралы айтты.