Старый Колутон орта мектебінің психологы Алтай Р. 9-11 «Стресс деген не?», «Стрессті қалай женуге болады?»
тақырыбтарына әнгіме жүргізіп, оқушылардан сауалнама алды. 10-11 сынып оқушылары аралығында «Мен, және менің отбасым» тақырыбында, отбасында болатын қиыншылықтармен күресу және ата аналармен қарым қатынасты жақсы орнату, қиындықтармен бөлісу туралы айтылды. Қазанның 10-күні мектепте жалпы мектепішілік ата аналар жиналысы өтті. Жиналыста Алтай Р. мен Савченко И.Н. «Суицид деген не?» және оның алдын алу тақырыптарына ой қозғап, ата аналарға баяндама оқыды. Психологтар ата- аналарға бала көп уақыт отбасында өткізетінің, ата - ананың балаға көп көңіл бөлу қажет екенің айтты. Старый Колутон ауылының учаскелік полиция инспекторы Тынбаев А.Е. , жиналысқа келген ата аналарды «Жасөспірімдер арасындағы қарым қатынас» тақырыбына баяндама оқып, түңгі 23:00 ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге болмайтының айтып, егерде ондай жағдай болып қалса, ата -анаға айыппұл салынатының ескертті. Қазіргі уақытта баланың тәрбиесіне, ғаламторда қандай адамдармен араласатынына көңіл бөлу керек екенің айтты.