Таза Қазақстан» — таза ел әрқайсымыздан басталады!

11.09.2026

Таза Қазақстан» — таза ел әрқайсымыздан басталады! 🌱

2–4 «А» сыныптарында «Таза Қазақстан: Конституциялық құндылықтар – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» тақырыбында сынып сағаты өтті.

Сынып сағаты барысында оқушылар табиғатқа ұқыпты қараудың, тазалықты сақтаудың және қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың маңыздылығы туралы әңгімелесті. Балалар пікірталасқа белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті және экологиялық мәдениет пен әр адамның жауапкершілігі еліміздің болашағы үшін неліктен маңызды екенін түсінді.

🌱 Табиғатқа қамқорлық, тазалық және игі істер әрбір оқушының күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналсын!

Таза Қазақстан — таза әрі жарқын болашаққа қосқан ортақ үлесіміз!

Просмотров: 178


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу