«Таза Қазақстан» – ортақ жауапкершілік
11.09.2026
«Таза Қазақстан» – ортақ жауапкершілік
5 «А»-дан 11 «А» сынып оқушылары арасында «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар Конституцияда бекітілген құндылықтардың адам мен қоғам өміріндегі маңызына тоқталып, экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершілік туралы пікір алмасты. Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау және туған жерге жанашырлықпен қарау мәселелері талқыланды.
Оқушылар өз ұсыныстарын айтып, Қазақстанның таза әрі көркейген ел болуына әр адамның қосар үлесі бар екенін атап өтті.
🌿 Тазалық – мәдениеттіліктің белгісі, табиғатқа жауапкершілік – азаматтық парыз!
Просмотров: 181