Бүгін, яғни 2026 жылғы 3 тамызда, КММ «Старый Колутон ауылының ЖОББМ» мектебінде «Малышкина школа» мектепалды даярлық жұмысы басталды. Негізгі мақсаты: болашақ бірінші сынып оқушысының бастауыш мектепте білім алуға дайындығын қалыптастыру, интеллектуалдық дағдыларын дамыту және бірінші сыныпқа сәтті бейімделуін қамтамасыз ету. Сабақ барысында балалар өздері туралы әңгімелеп, «Менің досым» тақырыбында әңгіме құрастырды. Сурет салу сабағында балалар ағаштың суретін салып, осылайша қолдың ұсақ моторикасын дамытты. Сынып жетекшісі: Ридунова М. Я.