Прием документов в 1-й класс по Акмолинской области будет осуществляться в период с 10 июня по 31 августа 2026 года.

12.06.2026

📢 Құрметті болашақ 1-сынып оқушыларының ата-аналары!

2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау туралы маңызды ақпаратпен танысыңыздар 👇

📌 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 2-20-6/2297-И хатына сәйкес, биыл 1-сыныпқа өтініш беру мерзімдеріне өзгерістер енгізілді.

—

📅 ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ:
🗓 Ақмола облысы бойынша 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау
2026 жылғы 10 маусым мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі.

📌 Осы кезеңде ата-аналар (заңды өкілдер) белгіленген тәртіп бойынша өтініш бере алады.

—

📲 Өтініш беру тәсілі:
Өтініш «электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданады: egov.kz

—

📄 Портал арқылы өтініш беру үшін қажет құжаттар:
✅ Ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші;
✅ Баланың 3×4 см сандық фотосуреті;
✅ № 052-2/у нысаны бойынша баланың денсаулық паспорты
(2025 жылдан бастап бұл құжат eGov порталында электронды форматта қолжетімді);
✅ № 065/у нысаны бойынша профилактикалық екпелер картасы;
✅ ПМПК қорытындысы (қажет болған жағдайда).

—

🔎 Маңызды:
📌 1-сыныпқа қабылдау туралы өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады.

⛔ Қабылдаудан бас тарту себептері:
– сыныптардың толып кетуі;
– құжаттардың толық ұсынылмауы немесе деректердің дұрыс болмауы.

—

☎️ Қосымша ақпарат алу үшін:
Астрахан ауданының білім беру ұйымдарына немесе білім бөліміне хабарласуға болады:
📞 2-36-84, 2-21-38

—

📌 Құрметті ата-аналар!
Құжаттарды белгіленген мерзімде тапсыруларыңызды сұраймыз.

Просмотров: 2198


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу