Текст
12.06.2026
11.06.2026 ж.
🚫 Есірткі – тығырыққа бастар жол
🇰🇿 Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Есірткі – тығырыққа бастар жол» тақырыбында дәріс өткізілді.
Іс-шара барысында білім алушыларға есірткінің адам денсаулығына, психикасына және болашағына тигізетін зияны туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану және дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Біздің болашағымыз – саналы әрі дені сау ұрпақ. Өмірді таңда, есірткіден бас тарт!
#ЕсірткігеЖолЖоқ #СалауаттыӨмірСалты #ХалықаралықНашақорлықКүні