«Ұлттық музыка шежіресі-Ахмет Жұбанов» 13 – сәуір күні мектептің кітапханасында көрнекті қазақ ақыны, ғалымы, дирижері А.Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай «Ұлттық музыка шежірешісі – Ахмет Жұбанов» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ақынның өмірбаяны мен шығармашылығына қатысты кітаптар, фотосуреттер және ол туралы жазылған ғылыми еңбектер ұсынылды. Мақсаты: оқушыларды көрнекті тұлғаның өмірімен таныстыра отырып, ақынның өмірбаянын насихаттау, қазақ музыка өнерінің дәрежесін асқақтату және оқушылардың өнерге және кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру. Дайындаған: кітапханашы Ахметова А.А