Неделя МИФ

13.02.2026

Мектебімізде математика, информатика және физика апталығы аясында «Білім беру жүйесінде Gemini платформасымен танысу» тақырыбында коучинг-мастер-класс өткізілді. Іс-шара барысында педагогтерге білім беру процесінде жасанды интеллект мүмкіндіктері, соның ішінде Google Gemini платформасын тиімді пайдалану жолдары таныстырылды. Қатысушылар: — оқу презентацияларын және әдістемелік материалдарды дайындау; — оқу мәтіндері мен тапсырмаларын генерациялау; — Google Формалар арқылы тест және сауалнама құрастыру; — тиімді сұраныс (промпт) құру; — сабаққа дайындық процесін оңтайландыру бағыттары бойынша практикалық білім алды. Мастер-класс тәжірибелік форматта өтіп, цифрлық құралдарды білім беру саласына енгізудің нақты мысалдары көрсетілді. Педагогтердің белсенділігі мен кәсіби цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға деген қызығушылығы үшін алғыс білдіреміз. Информатика пәні мұғалімі: Суикумбаева Лаура Саветовна

https://youtube.com/shorts/Y5i6DOwQkss?si=mfqqIVXQk5_Rk3N3

Просмотров: 1195

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу